19.05.2016, 17:07
Оқылды: 15

Зеленовта «Жолда қабылдау» акциясы өтті

????????????????????????????????????

   Тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтық қоғамның ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастырып, құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік құрылымдарға, сондай-ақ әкімшілік полициясның қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтып, сенімділікті қалыптастыру, қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту және де мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру мақсатында еліміз бойынша «Жолда қабылдау» акциясы өтіп келеді. Аталмыш шара Зеленов ауданында да өткізілді.


   «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының мұрындық болуымен өткен акцияға аудандық ішкі істер бөлімінің жол техникалық инспекциясының мемлекеттік аға инспекторы Арнұр Шоқпанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Қызғалдақ Бикеева қатысты.

    Шара барысында аудан орталығының басты көшелерімен жүріп отырып, азаматтарды тоқтатып, Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы жол» жолдауын «Нұр Отан» партиясы Саяси дотринасы мен Халықтық тұғырнамасын және жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін түсіндірген акция ұйымдастырушылары тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп жатты.

   Акция барысында барысында өздерін мазалаған сұрақтарын қойған азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсетіліп, жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылатындығы да ескертілді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале