7.12.2015, 22:54
Оқылды: 36

Зеленовта каратэ-додан облыстық ашық чемпионат өтті

 Zelenov karate oblis   Зеленов ауданында каратэдан балалар, жастар және ересектер арасында облыстық ашық чемпионат өтті.

         Жарыстың ашылуында сөз сөйлеген аудандық балалар мен жасөсіпірмдер спорт мектебінің әдіскері Сүйініш Үмбаев намысты доданың қатысушыларына сәттілік тіледі.


         Татамиде Ресейдің Самара қаласынан келген «Виктория» клубы, Оралдан келген екі клуб каратэшілері мен Зеленов ауданының намысын қорғаған алты команда бәсекеге түсті. Чемпионатқа барлығы 145 спортшы қатысты.

         Екі күнге созылған жарыстың алғашқы күнінде каратэшілер І дан қара белбеуіне емтихан тапсырды. Атақты жапон каратэ шебері Сигэёси Синитиге қабылдаған емтихан нәтижесінде Л.Девкин, Т.Уәлиахмет, Н.Саматов, М.Жалмұрзин, Н.Әділгерей, Р.Сүлейманов сияқты споршылар белбеулерін жаңартты.

Ал, қағылез майталмандар сынға түскен жарыстың қорытындысында

Зеленов ауданы І орынды иеленсе, қалалық «Дзан-шин» ІІ, Самаралық «Виктория» клубы ІІІ орынды қанағат тұтты.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Динара Насыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале