4.10.2016, 11:41
Оқылды: 19

Зеленовта мал ұрлығы анықталды

%d0%b7%d0%b5%d0%bb%d0%b5%d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%82%d0%b0-%d0%bc%d0%b0%d0%bb-%d2%b1%d1%80%d0%bb%d1%8b%d2%93%d1%8b-%d0%b0%d0%bd%d1%8b%d2%9b%d1%82%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b   Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірнеше рет мал ұрлығына барған баукеспелерді анықтап, қолға түсірді.  Ағымдағы жылдың мамыр айы мен қыркүйек айы аралығында белгісіз біреу Зеленов ауданы Белоглинка ауылына жақын жердегі еркін жайылыстан 1975 ж.т. «А» есімді азаматқа тиесілі 11 ірі қара малын айдап кеткен.


   Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 1982 ж.т. Махамбет ауылының «Р» есімді азаматы анықталып, ұсталды. Сондай-ақ, ұсталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру кезінде маусым айының басында 1961 ж.т. «К» және 1964 ж.т. «А» есімді азаматтармен келісімде жазғы жайылыстан  шаруа қожалығына тиесілі 2 қойды ұрлағаны белгілі болды. Аталған фактілерге сәйкес ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша қылмыстық істер қозғалуда.

www.zhaikpress.kz

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале