23.06.2015, 18:16
Оқылды: 27

Зеленовта мемлекеттік қызметшілер күніне арналған жиын өтті

Zelenov mem kizmetshilr    Біріккен Ұлттар Ұйымы 2002 жылы резолюция қабылдап, 23 маусымды мемлекеттік қызмет күні етіп бекітіп, оны барлық ұйымға мүше мемлекеттерге қабылдауға ұсыныс жасаған болатын. Осыған орай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  2013 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» жарлыққа өзгеріс еңгізуімен 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленді. Осынау айтулы мерекеге орай Зеленов ауданында мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында алдымен мемлекеттік қызметке арасына уақыт салып қайта келген қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет саласына жаңадан арласқан мамандардың ант қабылдау рәсімі оздырылды. Содан соң  сөз алған аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов барлық мемлекеттік қызметшілерді мейрамымен құттықтап, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Арман Жұмабековті БҚО әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, Щапов ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Людмила Соскова мен  мемлекеттік қызмет саласының ардагер Макаров ауылдық округінің бұрынғы әкімі Төлеген Жасыбаевқа Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша Департаменті басшысының алғыс хатын табыстады. Сондай-ақ шара барысында өздерін жақсы қырынан таныта білген қызметкерлер мен сала ардагерлері де марапатталды. Бұдан бөлек  аудандық мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Жігер Меңешев та мемлекеттік қызметкерлерді төл мерекелерімен құттықтап, аудандық кәсіподақ ұйымы атынан Көшім ауылдық кругі әкімінің орынбасары Ауған Альмурзин мен Дариян ауылдық округі аппаратының жетекші маманы Анатолий Белинскийді құметке бөледі. Салтанатты шара соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале