8.01.2016, 18:52
Оқылды: 26

Зеленовта орта және шағын бизнес саласында 576 жаңа жұмыс орындары ашылған

 Zelenov orta biznes   2015 жылы Зеленов ауданында шағын және орта бизнестің 2620 шаруашылық субъектілері тіркелді.

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасатйын 4530 адам бар. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,1%-ға көп.


Өндіріс көлемі (жұмыс, қызмет көрсету) 8,7 млн. теңге құрады.

Ауданда ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін 44 шағын цех жұмыс жасайды. Цехтарда 310 адам қызмет атқаруда. Ал, өңдеу және өндіру көлемі 511,4 млн. теңгені құраған.

Сонымен бірге орта және шағын бизнес саласында 576 жаңа жұмыс орындары ашылған.

www.zhaikpress.kz

Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале