Зеленов аудандық №2 сотында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығын тиянақтаған баспасөз брифингі болып өтті.
Сот қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысқан брифингте сот төрайымы Шара Зайнуллина жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар қорытындысы туралы мәлімдеді.
Сот төрайымы келтірген мәліметтерге сүйенсек, сот өндірісіне жыл басынан бері 86 іс түсіп, 72 іс қаралған. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, өткен жылы осы мерзімде өндіріске 39 іс түскен. Ал азаматтық істер бойынша аталмыш уақыт аралығында 288 арыз түссе, 2014 жылы осы аралықта 250 арыз түскен көрінеді.
Сот төрайымы жартыжылдық қорытындысымен бірге Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған реформаларының негізгі тұстарымен және жаңа тарихи жағдайдағы олардың қажеттігі мен маңыздылығына да тоқталып өтті.
Гүлжан Аязбаева
Зеленов ауданы