27.11.2015, 21:07
Оқылды: 34

Зеленовта сүт зауыты іске қосылды

Zelenov 01 zauit  Зеленов ауданы Чеботарев ауылында «Сары-бел» ЖШС «Дарьинка» шағын сүт зауытын іске қосты.

  Жаңадан ашылған нысанның құрылысы 2013 жылы мамыр айында басталған. Ал, жобаның құны 50 млн теңге. Оның 8 млн теңгесін қожайыны Асхат Құлақов  «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы алған.


 

- Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауында шағын және орта бизнеспен іскерлікті дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Сондықтан қазіргі таңда кәсіпкерліктің өрге жүзуі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Zelenov 02 zauit

 

Айтулы даталар жылы қарсаңында тұсауын кескелі отырған зауыттың тек ауданымызға емес, елімізге де тигізер үлесі көп. Сонымен бірге нысан заманауи талаптарға сай жабдықталып, сапалы өнім өндіруге барлық жағдай жасалған, - деген аудан басшысы ауыл тұрғындарын құттықтап, кәсіпорын ұжымына жеміс тіледі.

Айта кететіні, зауыттың құрылғылары тәулігіне 2  тонна сүт өңдеп, сағатына 3000 л қаймақ бөліп шығарады. Бұл жерден қаймақ, айран, ірімшік, сүзбе өндіріледі. Сүт өнімдері сатылымға халыққа қол жетімді бағамен шығарылмақ.

Күнделікті пайдаланылатын өнімдердің өз ауылдарында шығарылатынына тұрғындар да өте риза.

www.zhaikpress.kz

Зеленов ауданы

Динара Тілекқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале