21.08.2015, 23:56
Оқылды: 27

Зеленовта тамыз кеңесі өтті

ZelenovTamiz kenesi

Зеленов ауданында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа бағдарлану» тақырыбында ұйымдастырылған кеңеске аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Серік Сафиуллин, ардагер ұстаздар, мектеп директорлары мен ауыл әкімдері  қатысты.

Кеңесті ашқан Серік Нәженұлы ұстаздар қауымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Кейін қатысушылар назарына мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру, жалпыны біліммен қамту жайлы, мектептердің техникалық дайындығы мен өткен оқу жылының қорытындысы, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы, құқықбұзушылық мәселелері мен жазғы демалыстың ұйымдастырылуы туралы мәлімет қамтылған, білім саласында атқарылып жатқан іргелі істерді түйіндеген бейне көрсетілген соң, «Ауданда үш ауысымда оқитын мектеп болмағанмен Кирсанов мектебінің техникалық ахуалы сын көтермейді. Барлық 46 мектептің 39-ы шағын жинақты мектептер. Ал мұндай мектептерге маман тартуда да мәселелер жоқ емес. Өткен оқу жылында Мичурин, Чеботарев, Володар мектептері ҰБТ сынында өте төмен нәтиже көрсетті. Аталған мектеп директорларының дайындық жұмыстарын тиісті деңгейде атқармауы осындай көрсеткішке әкелді» – деген аудан басшысы мектеп директорларына білім сапасын қатаң бақылауды ескертті. Сондай-ақ өткен жылда орын алған олқылықтардың қайталанбауын айта келіп, ұстаздарға табысты еңбек тіледі.

Бұдан бөлек кеңес барысында өткен оқу жылы ішінде үздік нәтиже көрсеткен мектептер мен ұстаздар марапатталып, жиынның қорытындысы бойынша түскен ұсыныстар қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале