17.09.2015, 11:04
Оқылды: 28

Зеленовта «Өмір сүргім келеді» акциясы оздырылды

Zelenov menin omir syrgim keledi   Соңғы жылдары елімізде балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары көбейгені жасырын емес. Мұндай оқиғалардың аяғы қайғылы жағдайға соқтырып жатады. Осыған алаңдаған Зеленов ауданы орталығындағы Қ. Аманжолов атындағы мектептің «Ақ жол» жас жол қозғалысы тобының инспекторлары аудандық жол полициясы қызметкерлерімен бірігіп, «Өмір сүргім келеді» акциясын ұйымдастырды. Жол-көлік оқиғасының алдын алуды мақсат еткен акция барысында оқушылар Переметный ауылының басты көшелерімен жүріп жатырған көліктерді тоқтатып, оларға  жол ережелерін сақтап жүрейік, жылдамдықты асырмайық сияқты үндеулер жазылған парақшалар таратты.

Көшеде инспектор киімін киген балаларды көрген жүргізушілердің ешқайсысы тоқтамай өтпеді. Таңданыстарын жасырмаған шопырлар балалардың осындай үндеу таратып жатырғандығына қолдау көрсетіп, белсенділік танытқан оқушылардың бастамасына ризашылықтарын білдіріп жатты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале