30.03.2016, 19:33
Оқылды: 28

Зеленовта 483 азамат тұрғын үйге мұқтаж

  Zelenov tyrgin yi   Зеленов аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметіне сүйенсек, биыл 483 азамат тұрғын үйге мұқтаж.


     Оның ішінде бір Ұлы Отан соғысы ардагері, 274 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, 125 әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар, 69  мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметтегілер. Ал, 14 тұрғынның   үйі  апатты жағдайда.

     Айта кетейік, өткен жылы ауданда 14 отбасы баспанамен қамтылған болатын. Олардың 3-уі қамқорлыққа алынған  балаларға,  9-ы бюджет қызметкерлеріне, 2-уі әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілді.

      Сондай-ақ,  жыл басталғалы ұзын саны сегіз тұрғын баспанаға ие болған. Соның ішінде жетім бала, бюджет қызметкерлері бар.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале