18.04.2016, 17:07
Оқылды: 19

Зеленовта 900-ден астам тал егілді

????????????????????????????????????

     «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» демекші,  әркез ағаш отырғызып, жасыл желекті күтіп-баптауға  аса зор жауапкершілікпен қарайтын зеленовтықтар 16 сәуір -Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күнінде бір кісідей жұмыс атқарып тер төкті.


Тарқатар болсақ, аудан орталығында ұзын саны  900-ден астам түп көшет отырғызылса, оның жүздеген талы  «Жеңіс» кинотеатры алдына да егілді. Айта кетейік, алдағы уақытта бұл жер демалыс саябағы болмақ.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале