21.10.2015, 20:00
Оқылды: 25

Зеленовтықтар ардақты ұлын құттықтады  

 

11850497_507003629464010_78988057929622774_oБүгін Зеленов ауданы, Белес ауылының тұрғындары қоғам қайраткері, техника ғылымының докторы, профессор, ҚАЗИТУ ректоры, облыстық мәслихат депутаты Ақсерік Әйтімовты мерейлі 65 жасымен құттықтады.

Ел үшін аянбай қызмет етуді басты парыз санайтын, ұлт мүддесін ойлаған абзал да ардақты ұлын ауыл тұрғындары ақ дәм беріп қарсы алды.

12118914_507003852797321_3797962603793749071_nСахна төріне жайғасқан туған күн иесін жерлестері атынан құттықтаған аудан әкімі Кәрім Жақыпов: «Құрметті Ақсерік Сарыұлы, мерейлі жасыңыз құтты болсын! Біз Сізді мақтан тұтамыз. Осы жерде туып-өстіңіз. Бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп, ел мерейін асырдыңыз. Болашақта да халыққа жасаған жақсылықтарыңыз көп болғай. Деніңізге саулық тілейміз»,- дей келе, сыйлық табыстап, иығына шапан жапты.

Кейін ауданның мекеме басшылары, әріптестері, еңбек ардагерлері, достары, ауыл тұрғындары жүрекжарды тілектерін айтып, шара мерекелік концертке ұласты.

Кеш соңында Ақсерік Әйтімов ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ауылдастарына ризашылығын білдіріп, өзінің еңбек жолы туралы әңгімелеп берді.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале