18.05.2016, 15:32
Оқылды: 19

Зеленовтықтар жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысты

????????????????????????????????????

  Ағымдағы жылдың 16 қазанда ҚР Президенті Әкімшілігі бекіткен  «Этномәдени бірлестіктердің жалпымемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы бағдарламасы»  іс-шаралар жоспарының 31-тармағын орындау мақсатында «Мәңгілік Ел» патриоттық  актісіне арналған жалпықазақстандық ашық диктант бүгін, яғни 18 мамыр күні еліміздің түкпір-түкпірінде республикалық деңгейде тұңғыш рет өтуде.


     «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін насихаттау арқылы мемлекеттік тілді білуге  қызығушылықты арттырып, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайтуды ту еткен ашық диктанттың ашылу салтанатында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов, аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының маңыздылығын айта отырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан әрі шараның мақсат-міндеттеріне тоқталған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс диктанттың өтілу барысымен таныстырды.

     Шара барысында патриоттық тақырыбында әндер шырқалды.

   Аудан орталығында және 22 селолық округтерде өтіп жатқан ашық диктанқа зеленовтықтар түгелдей қатысты. Мәселен, олардың құрамында- этномәдени бірлестіктердің , жастар ұйымдарының өкілдері,мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер, ардагерлер, студенттер және ниет білдіруші барлық тұрғындар бар.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале