12.05.2016, 19:09
Оқылды: 14

Зеленовтықтар жеңімпаз атанды

Зеленов ауданы орталығында аудандық балалар мен жасөсіпірімдер мектебі мен ҚР каратэ спорты федерациясының ұйымдастыруымен каратэден халықаралық турнир өтті. Жарысқа балалар мен жасөспірімдер, ересектер қатысты.


Барлығы 11 команда, 160 спортшы  бақ сынаған байрақты жарыста Орал қаласынан «Дзан-шин», «Батыс», «Атамекен» спорт клубтары,  Бөрлі ауданының құрамасы мен Ақсай қаласының командалары және Ресей Федерациясы Самара қаласының «Виктория» клубының каратэшілері мен Железнов, Мичурин, Янайкин, Белес, Новенький ауылдарының балға аяқты, балта жұдырықты спортшылары бақ сынады.

Сонымен намысты доданың қорытындысында жалпыкомандалық есепте ресейлік қонақтар үшінші орыннан көрінсе, «Дзан-шин» клубының спортшылары  екінші,  Зеленов командасы бірінші орынды иеленді.

Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне медальдар мен дипломдар, ал жеңімпаз командаларға арнайы кубок табысталды.

www.zhaikpress.kz

Д. БЕРІШ

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале