5.09.2016, 9:13
Оқылды: 24

Зеленовтықтар көпшілік марафонға қатысты

zelenov marafonҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 3 шақырымға жүгіру көпшілік марафоны Зеленов ауданында да өтті.


Орталық алаңға жиылып сап түзеген аудан тұрғындарының алдында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов:

-Спорт – өміріміздің айырылмас бір бөлшегі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында ұлт саулығын нығайту және дене шынықтыру мен спорт арқылы салауатты өмір салтын бекітуге арналған жолдауында ел спортына баса назар аударған еді. Өздеріңізге белгілі Рио олимпиадасында көк туымыз бірнеше мәрте желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Болашақта сіздердің араларыңаздан да чемипондар шығатынына сенімім мол, - деп, марафоншыларға сәттілік тіледі.

Кейін сөз алған балалар-жасөпірімдер спорт мектебінің директоры Максим Үмбетқалиев қатысушыларға жүгіруге белгіленген көшелерді түсіндіріп, бастауға белгі берді.

Шара соңында жеңімпаздар марапатталып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

 Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале