14.06.2016, 11:58
Оқылды: 25

ЗЕЛЕНОВТЫҚТАР ҚАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА

kaztalovta zelenovtyktar «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасы аясында Зеленов ауданы әкімі Кәрім Жақыпов  бастаған делегацияны  аудан шекарасында аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр бастаған өкілдер қарсылады. Емен-жарқын кездесуде ән- күйге де кезек берілді.


  Қазталов аудан орталығына келген зеленовтық  қонақтар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестердің, қуғын-сүргін құрбандарына орнатылған ескерткіштерге және өнер қайраткері Сағит Садықовтың кеудемүсініне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ,  аудандық мәдениет үйінде екі ауданның делегация өкілдері «Рухани келісім мен тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел басында бас қосты. Дөңгелек үстелде Қазталов және Зеленов аудандарының әкімдері Нұрлан Бекқайыр мен Кәрім Жақыпов екі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде әңгімеледі.

   Сонымен қатар дөңгелек үстелде БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов еліміздің 25 жылдық тәуелсіздігі жолында ұлттар достығы арасында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

    Дөңгелек үстелден кейін  аудандық мәдениет үйінде «Бірлігі жарасқан ел – Қазақстан!» атты Зеленов ауданы көркемөнерпаздарының концерті өтті.

   Концерт соңында Зеленов ауданының әкімі Кәрім Жақыпов «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының эстафетасын Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайырға салтанатты түрде табыстады.

www.zhaikpress.kz
Әсем БОЛАТ
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале