Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай Төлепқалиев Алғыс айту күніне орай аудан орталығында тұратын жалғыз басты жандар Шандос Мұқанова, Зоя Васильева, Евдокия Ищенконы құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.
-Бүгін Елбасы жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Бұл барша қазақстандықтар үшін елеулі мереке болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен тұспа-тұс келуі де ұлт достығын бұрынғыдан да нығайта түспек. Баршаны бауырға басқан қазақтың кең пейіл көңілі ешкімді ешқашан жат санаған емес,- деді Тілекбай Қажымұратұлы.
Сондай-ақ, атаулы күні ерекше құрметке бөленіп, алғыс алған зейнеткерлер ризашылықтарын білдіріп, ел тыныштығы мен мәңгілік бейбіт күнде ғұмыр кешейік деген тілектерін жеткізді.
Динара НАСЫР
Зеленов ауданы