1.03.2016, 12:54
Оқылды: 24

Зеленовтық зейнеткерлер зор лебізін білдірді

????????????????????????????????????

   Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Тілекбай Төлепқалиев Алғыс айту күніне орай аудан орталығында тұратын  жалғыз басты жандар Шандос Мұқанова, Зоя Васильева, Евдокия Ищенконы құттықтап, сый-сыяпат көрсетті.


-Бүгін Елбасы жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді. Бұл барша қазақстандықтар үшін елеулі мереке  болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күнмен тұспа-тұс келуі де ұлт достығын бұрынғыдан да нығайта түспек. Баршаны бауырға басқан қазақтың кең пейіл көңілі ешкімді  ешқашан жат санаған емес,- деді Тілекбай Қажымұратұлы.

  Сондай-ақ, атаулы күні ерекше құрметке бөленіп, алғыс алған зейнеткерлер ризашылықтарын білдіріп, ел тыныштығы мен мәңгілік бейбіт күнде ғұмыр кешейік деген тілектерін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале