19.01.2016, 10:33
Оқылды: 37

Зеленовтық палуан қыздар ерледі!

kaz-kuresЖуырда Орал қаласында 1997-1998 жылдары туылған жасөспірім ұл-қыздар арасында қазақ күресінен облыс чемпионаты өткен болатын. Аталмыш жарыста Зеленов ауданының намысын қорғаған палуандар жақсы нәтижелерімен қуантты.


Атап айтар болсақ, ұлдар арасында бақ сынаған Нұркен Аюпов ІІІ орын иеленсе, Ақылбек Қабдолмәжит ІІ орынды қанағат тұтты.

Ал қыздар арасында боз кілемге шыққан Марина Пухова үшінші, Александра Горбунова екінші орыннан көрінсе, Наргиза Гумарова облыс чемпионы атанды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале