30.05.2016, 12:09
Оқылды: 48

Зеленовтық тұрғын сабын жасап шығаруда  

 

sabinБір қарағанда тіл үйірер тәттілерге ұқсайтын бұл заттар –күнделікті тұрмыста қолданып жүрген кәдуілгі иіс сабындар.

Үлкен кісілердің «Сексеуілдің күлінен алынатын қара сабынның қасиеті керемет еді, шіркін!» деп қолдан қайнатылған қара сабынның жасалу жолдары мен емдік қасиеттерін тамсанып айтып отыратындығын талай мәрте  естіген едік. Қазіргі таңда елімізде ұлтымыздың сабын жасау дәстүрін жаңа үлгіде жаңғыртып, күнделікті тұрмыста қолданып жүрген жандар баршылық.


 

Солардың бірі – Зеленов ауданына қарасты Переметный ауылының тұрғыны Ұлболсын Шалабаева. Үй шаруасындағы Ұлболсын апа жұбайы Асхат аға екеуі үш бала тәрбиелеп отыр.

-Арнайы оқуды тәмәмдамасам да, елге пайдалы бір іспен айналысуды құп көрдім. Жұмысым жоқ деп, қол қусырып құр отыра бермейін деген оймен қаладағы құрбымнан сабынның жасалу әдіс-тәсілдерін үйреніп алдым. Енді, міне, үйренгенімді жүзеге асырудамын. Сабынды үй жағдайында жасаймын. Ал оған қосатын түрлі қоспаларды әзірге Алматыдан алдыртып отырмын. Қоспалар дайын болған соң, сабынға арналған қалыптарға  құямын. Сөйтіп, өзіңіз көріп отырғандай, сары, қызыл түсті, түрлі пішінді сабындар дайын болады. Сосын саттыққа 500 теңгеден шығармын. Әрине, бастысы баға емес, отандық өнімнің қолдан жасалуында деп ойлаймын, - дейді кейіпкеріміз.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале