24.11.2015, 10:17
Оқылды: 28

Зеленовтық қызметкерлер қазақ тілінен ҚАЗТЕСТ тапсырды

Zelenov kaztest  ҚР Білім және  ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы»  Республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны өкілдері  Переметный ауылында болып,  мемлекеттік қызметте жүрген жандармен жүздесті.


Мақсат - Қазақстан Республикасындағы азаматтардың ҚАЗТЕСТ  жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау.

Мемлекеттік  қызметкерлер  алдымен  тыңдалым бөлімі барысында 30 тест тапсырмасына,  лексика - грамматика бойынша 70 , оқылым  бөлімі бойынша  50  , ұзын саны 150 сұраққа жауап берді. Одан әрі белгілі   бір тақырыппен танысып, мазмұндама жазды.

Ұлттық  тестілеу орталығы  өкілдерінің айтуынша,  қорытынды алдағы уақытта шығарылып, жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлерге арнайы сертификат беріледі екен.

www.zhaikpress.kz

Самал ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале