29.10.2015, 13:02
Оқылды: 26

Зеленов аудандық мешітінде сауат ашу курстары өтуде

 

сауат ашуЗеленов аудандық мешітінде ауыл молдаларына арналған сауат ашу курстары ұйымдастырылуда.

Ауылдық жерлерде халыққа қызмет көрсетіп жүрген молдалардың діни сауатын ашу, теріс діни ағымдарда жүрген жастарды білімнің көмегімен дұрыс жолға түсіру мақсатында өткізіліп жатқан үш күндік курста Переметный, Зеленый, Махамбет ауылдарынан келген 6 молда дәріс алуда. Орталық мешітте өткізіліп жатқан сабақты Мысыр еліндегі Әл-Асхар университетінде білім алған теолог маман Бауыржан Қожагелдиев жүргізуде.

«Дәріс алушылар үш күн бойы мешітте жатып, білім алатын болады. Ауылдардан келген молдалардың білім алуға деген құштарлығы жақсы. Ешқайсы ұстаздарының жастығына қарап жатырған жоқ. Әр дәріс өте қызықты өтуде. Болашақта бұл курсқа ауданымыздың барлық ауылдық округтерінің молдалары келеді деп үміттенемін»,-деген мешіт имамы Әзілхан Бисенғалиев сауапты іске қолдау көрсетіп, дәріс алушыларға керек-жарақтары мен ішер асын алып беріп отырған демеушілерге ризашылығын білдіреді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале