25.03.2016, 18:25
Оқылды: 23

Зеленов аудандық мәслихатының құрамы жаңарды

????????????????????????????????????

   Зеленов аудандық мәслихатының алғашқы ұйымдастыру сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Кәрім Жақыпов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары мен депутаттар қатысты.

Жиын барысында сөз алған аудандық  сайлау комиссиясының төрғасы Асылұлан Досжанов ағымдағы жылдың 20 наурыздағы  аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аудандық сайлау комиссиясының хабарламасымен көпшілікті құлақтандырды. Коммиссия төрағасының айтуынша, он төрт сайлау округінен аудандық мәслихатқа барлығы 14 депутат сайланған. Халық қалаулыларының барлығы да «Нұр Отан» партиясынан, соның ішінде, ең жас депутат - Нұржан Ешмұратов болса, ал төртеуі нәзік жандар екен.


Одан әрі А.Досжанов жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттарының кеудесіне төсбелгі тағып, салтанатты түрде куәлік табыс етті.

Жиналған жұртшылықтың келісімімен бірінші сессия төрағасы болып № 11 Макаров сайлау округі депутаты, «Нұр Отан» партиясы Зеленов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Дүзбатыров сайланды. Жалпы, бүгінгі өткен  бірінші отырыстың күн тәртібінде ұйымдастыру мәселелері қаралды, тұрақты комиссиялардың құрамы мен төрағалары бекітілді, сондай-ақ, аудандық мәслихаттың хатшысы болып Рамазан Ысмағұлов сайланды. Рамазан Тастайұлы осы уақытқа дейін де аудандық мәслихат хатшысы қызметін жауапкершілікпен атқарып келгендігін айта кеткен жөн.

 Сессияға қатысқан аудан басшысы  Кәрім Жақыпов жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, қызметтеріне сәттілік тілесе, ал V шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаттары - А.Сайпиев,С.Өтеғалиев, В.Шохина, А.Дравицаларға естелік сыйлықтар тарту етті. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты , «Белес-Агро» ЖШС бас директоры Мұрат Жәкібаев та  жаңадан сайланған депуттардың жұмысына жеміс тілеп, ыстық-ықыласын білдірді.

  www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале