10.03.2016, 10:42
Оқылды: 23

Зеленов аудандық сотында «Уральск-Кирсаново» бағытында орын алған жол көлік оқиғасына үкім шықты

 SOT   БҚО Зеленов ауданының №2 аудандық соты «Уральск-Кирсаново» бағытында орын алған адам өліміне әкеп соқтырған жол көлік апатын жасаған автокөлік жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (жол көлік оқиға  салдарынан абайсызда адамның өлiмiне әкеп соғу) бойынша қылмыстық ісін қарады.


Іс материалдарына сәйкес, сотталушы «Уральск-Кирсаново» бағыты бойынша жеңіл автокөлікті басқара отырып, рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы автокөлікке соқтығысқан. Оқиға салдарынан алған дене жарақатынан  екінші көлік жүргізушісі оқиға орын алған жерде қайтыс болған.

Сот үкімімен автокөлік жүргізушісі ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылып оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63 бабына сәйкес 2 жыл шартты түрде, және 2 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

www.zhaikpress.kz

Зайнуллина Ш.К.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале