13.01.2016, 23:30
Оқылды: 16

Зеленов ауданында ақпарттық топ ауылдарды аралады

Zelenov akparattik top auildardi araladi  Елбасының дәстүрлі Жолдаулары еліміздің жарқын  болашағы үшін  жасалып жатқан батыл қадамдардың бірі десек те болады.

Сондықтан  бұл құжаттың еліміз, халқымыз үшін рөлі өте зор. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға арналған Жолдауды жұртшылыққа түсіндіруді  ту еткен  ақпараттық насихат тобы  біздің  де ауданымызда құрылған болатын.


Тінін тарқатсақ, атаулы топ жетекшілері - аудан әкімінің орынбасарлары А.Тоғызбаев, А.Досжанов, Р.Аманжол, аудандық мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов, аудандық  ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Жүніс және топ мүшелері  барлық ауыл аймақты аралап, көпшілікпен кездесті.

Жолдауда айтылған мәселелер баршамыз үшін өте маңызды. Қазақстанның келешегі баянды болуы үшін атқарылуы тиіс істі барлығымыз бірлесе жүзеге асырсақ, сонда ғана  жұмысымыз жемісті, һәм табысты болатыны айдан анық.

Актив жиынында басқосқан ағайын да жыл сайын елеңдеп күтетін Жолдаудың маңыздылығын айтып, бірауыздан қуаттап қолдайтындықтарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале