30.11.2015, 21:03
Оқылды: 28

Зеленов ауданында «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атауымен мерекелік кеш өткізілді

 

Zelenov madeniet yinde tarix tudirgan   Тұңғыш Президент күніне орай Зеленов аудандық мәдениет үйінде «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атауымен мерекелік кеш өткізіліп, Елбасыға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сахна шымылдығы Елбасының балалық шағынан үзінді келтірілген шағын театрландырылған көрініспен түрілді.


Әсем әнмен әспеттеліп, күймен көмкерілген шарада сөз алған аудан әкімі Кәрім Жақыпов:

- Бұл күн баршамызға ортақ салтанатты оқиға. Бүкіл қазақстандықтардың тарихи таңдау күні. Тәуелсіз мемлекеттің ірге тасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтардың және халықаралық қоғамдастықтар мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы. Отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушысы, елдің кемел келешекке жетелейтін игі істерінің қолдаушысы, ел бірлігінің кепілі, жас, тәуелсіз мемлекеттіміздің негізін қалаушы, - дей келе, аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен бірге,  «Нұр Отан» партиясының құрамына қабылданушыларға партия билетін салтанатты түрде табыстады.

Одан әрі жиында аудан көркемөнерпаздары әуезді ән шырқап, көркем билерін өрнектеп, киелі қара домбырадан күй төкті.

Кеш соңы  өскелең ұрпақты патриоттыққа, елі мен Елбасын құрметтеуге шақыратын Нұрсұлтан Ғайнуллин орындаған «Менің Елбасым» әнімен жабылды.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале