16.07.2015, 16:51
Оқылды: 22

Зеленов ауданында жол апатынан бір адам көз жұмды

ДТПӨткен түнде сағат 12:20-да Орал- Кирсанов тас жолының 57 шақырымында Январцев ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды.

"Лада 217250" маркалы аутокөліктің тізгініндегі Дариян ауылының тұрғыны 1996 жылғы Рустам Күшекбаев оқиға орнында көз жұмды.

Зеленов аудандық ішкі істер бөлімінің мәліметінше апат көліктің алдыңғы оң жақ дөңгелегінің қарысып қалуынан орын алған.

Жүргізушінің қасында болған тағы бір жолаушы - 1997 жылғы Темірлан Джалмурзиев ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

www.zhaikpress.kz

НҰРЖАН ДҮЗБАТЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале