29.05.2015, 10:18
Оқылды: 36

Зеленов ауданында «Менің елім-мәңгілік ел» атты форум өтті

Zelenov Menin elim mangilik el   Зеленов ауданы орталығында ішкі саясат бөлімі мен аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы ұйымдастырған «Менің елім-мәңгілік ел» атты форум өтті. Шараға  аудан әкімінің орынбасары Амангелді Тоғызбаев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Ринат Мақсотов, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анатолий Сигунов, аудандық бөлім мекеме басшылары, округ әкімдері, мәслихат депутаттары, жастар ұйымдарының төрағалыры мен мемлекеттік емес ұйым мүшелері қатысты.

Форумның ашылуымен жиналған қауымды құттықтаған аудан әкімінің орынбасары Амангелді Кәрімұлы: «Мәңгілік ел – ата-бабаларымыздың саң мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Бүгінде әр отандасымыз ұлтына қарамастан, Қазақстан атты қасиетті мекенді өз отаны санайды. Біздің тәуелсіздігіміз ата-бабаларымыздың арманы, батырлығы мен намысының жемісі. Ал бірлігіміз мәңгі елдің мықты іргетасы. Баршамыздың тілегіміз татулық болсын», -деп ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген белсенді жастарды марапаттады.

Аудан жастарының патриоттық сезімін оятуды, ел бірлігін нығайтуды мақсат еткен форум шымылдығы «Туған ел» әнімен жабылды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале