15.05.2015, 17:33
Оқылды: 26

Зеленов ауданында тақтай ұрлаған адам ұсталды

TAktailar   Зеленов ауданы Егіндібұлақ ауылында «Алан» шаруа қожалығының қоймасына түскен ұры ұзындығы 6 метр болатын 11 дана тақтайды ұрлап, қожайынын 20 мың теңге шығынға батырған.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ұрының ізіне түсіп, тақтайларды қолды қылған сол ауылдың тұрғыны 1975 жылы туылған Р есімді азаматты ұстапты. Ұры кінәсін мойындағанымен тақтайдың барлығын иесіне қайтару мүмкін болмай отыр. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале