6.01.2016, 19:11
Оқылды: 26

Зеленов ауданында «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын-үй құрылысы» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асуда

Turgin yi kyrilisi   Зеленов ауданында Өткен жылы «2011–2020 жылдарға арналған  тұрғын-үй құрылысы» бағдарламасы электр жарықтандыру жүйелерін жөндеуге 30,6 млн. теңге бөлінді.

Калинин ауылындағы Придорожная көшесі, аудан орталығына кіреберісі мен Белес, Зеленый ауылдарына қарай шығатын айналма жол бойына электр бағандары қойылып, 186 бағанға жарық шамдары орнатылды.


Оған қоса, Переметный ауылындағы «Жеңіс» саябағы күрделі жөндеуден өтіп, жалпы құны 22,5 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ал, Дариян ауылында бағасы 4,5 млн. теңге құрайтын ҰОС-да қаза  тапқан  жерлестерге  кеудемүсін қойылды.

Сонымен қатар, Калинин ауылында 160 орындық спорттық - сауықтыру кешені, Дариянда 100 орындық оқушыларға арналған жатақхана, Озерный елді мекенінде 48 орындық мектеп, Зеленый және Садовое елді мекендерінде Шаған өзені арқылы өтетін жаяу аспалы көпір құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, болашақта жүзеге аспақ.

www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале