13.11.2015, 11:09
Оқылды: 37

Зеленов ауданында 27,8 млн.теңге тұратын 145 ірі қара мал басы сатып алынды

Zelenov xalik kylandi koldauda    Ағымдағы  жылда  Зеленов ауданында 27,8 млн.теңге тұратын 145  ірі қара мал басы сатып алынды.  Тінін  тарқатайық, «Батыс-Шаруа» ЖШС арқылы «Миносян» ШҚ 6,5 млн.теңгеге 36 бас, «Алға» ШҚ 6,3 млн.теңгеге 26 сиыр және 2 бұқа алса, ал агрокредиттік корпорация арқылы 15,0 млн теңгеге «Тукушев» ШҚ  78 ІҚМ, 3 бұқа сатып алды.

«Гурсаев» ШҚ «Батыс-Шаруа» ЖШС арқылы қосымша 30,0 млн.теңгеге 100 асыл тұқымды қашар және 4 асыл тұқымды бұқалар алып, мал  шаруашылығын  дамытуды  көздеуде. Ал, «Ивановский» ШҚ 20 млн.теңгеге 104 қашар және 4 бұқа, «Сағынжанов» ШҚ 6,0 млн.теңгеге 27 бас қашар сатып алуды  «Батыс-Шаруа» ЖШС арқылы  қарастыру үстінде.

Сонымен бірге  «Аслан-Дархан» ШҚ 3,0 млн.теңгеге, «Три-Ал» ШҚ 30,0 млн.теңгеге және «АгросервисБатыс» ЖШС 30 млн.теңге, «Асан-Аул» ЖШС 30 млн.теңге көлемінде  негізгі қаражат алуды алдағы уақыттың еншісіне қалдырып отыр.

Махамбет  ауылындағы «Шканов» ШҚ осы айда  Ресейден 100 бас қара ала тұқымды  сүтті асыл тұқымды қашарлар сатып алсам деген жоспарын жүзеге асыруда.

   www.zhaikpress.kz

Самал  Жолдығалиқызы

Зеленов  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале