28.06.2016, 16:38
Оқылды: 105

Зеленов ауданының айнасы – «Ауыл тынысы» газеті қызметкерлеріне құрмет

Zelenov jurnalist Жаңалықтың жаршысы болып жүрген журналистер қауымының кәсіби мерекесінде Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов «Жайық Пресс» ЖШС Зеленов филиалы «Ауыл тынысы» аудандық қоғамдық-саяси газеті ұжымын қабылдап, құрмет көрсетті.


Аудан әкімінің кіші мәжіліс залында өткен жүздесу барысында аудан әкімінің орынбасары А.Досжанов Зеленов ауданының төл басылымы «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газеті  Елбасы,  Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың  саясатын насихаттауда, елдегі тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуде, халқымыздың мәдени-рухани дамуына қомақты үлес қосып, ел мүддесі жолында нәтижелі қызметін айта келе, газет ұжымына толғай табыстар, елдің мәдени-экономикалық жағдайын оқырман жүрегіне жететіндей етіп шығара берулерін тіледі.

Одан әрі өз атынан аталмыш газет ұжымына алғыс хат ұсынып, ал «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Жантас Сафуллиннің атынан «Ауыл тынысы» газетінің жауапты хатшысы, ұзақ жылғы еңбегі бар, қаламы қарымды қызметкері Николай Берендяевке  алғыс хатты салтанатты түрде табыс етті.Zelenov jurnalist (1)

Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүніс газет қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілесе, ал өз кезегінде газет редакторы әріптестерін мерекемен құттықтап, аудан әкімшілігінің зор қошеметіне ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz
Дана ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале