29.12.2015, 20:25
Оқылды: 22

Зеленов ауданының басты шыршасы жағылды

 Zelenov audani bas shirsha  Зеленов ауданы Переметный ауылының орталық алаңында жаңа жылдың басты белгісі саналатын шырша шамы жағылды. Тұрғындарды шаттыққа бөлеп, балаларға қуаныш сыйлаған  шараға арнайы келген аудан әкімі Кәрім Жақыпов: «2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының жылы, Жеңістің 70 жылдығы, ата заңымыздың 20 жылдығы сияқты мерекелерімен есте қалды. Еліміз үшін де өткен жыл толайым табыстарға толы болды. Келер жыл да елімізге көп қуаныш сыйлайды»,-деп алаңға жиылған халықты келе жатырған жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Кейін көпшілік алдына арнайы көлікпен аяз ата мен ақшақар және өтіп бара жатырған жыл белгісі қой келіп, жұртпен бірге шырша шамын жақса, одан кейін ортаға шыққан келер жыл белгісі тамаша өнерімен жиналған халықтың мерекелік көңіл-күйін одан сайын көтере түсті. Әрі қарай орталық алаңға келген жандар шыршаны айнала би билеп, жаңа жылдық әндерді орындады. Содан соң аяз ата мен ақшақар бүлдіршіндердің өнерін тамашалап, тәтті кәмпиттер мен сыйлықтарын үлестірді.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале