8.01.2016, 16:23
Оқылды: 30

Зеленов ауданының негізгі капитал инвестициясы 71,7 млрд. теңгені құрады

 Zelenov kapital investicia  Өткен жылы Зеленов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер орын алды.

Тінін тарқатар болсақ, 2015 жылы өндірілген өнімнің жалпы көлемі 86,6 млрд. теңге яғни 88,3% құрады. Бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Ал, мұның себебі «Великая китайская стена» бұрғылау компаниясы мен мұнай бағасының төмендеуіне байланысты болып отыр. 


Сондай-ақ, негізгі капитал инвестициясы 71,7 млрд. теңге, 2014 жылғы деңгеймен салыстырғанда 46,9%-ға артты.

Шағын бизнес қарқынды дамып, шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 13,3%-ға өсті.

2015 жылдың 1 желтоқсанында аудандық  бюджетке  2,5 млрд. теңге салық жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1%-ға жоғары. Соның ішінде аудан кірістері – 1,6 млрд. теңгені құрап отыр.

www.zhaikpress.kz

Д.БЕРІШ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале