Зеленов аудандық мәслихатының кезектен тыс 42 сессиясы өтті. Халық қалаулылары бұл жиында аудандық қоғамдық келісім кеңесінің құрамын жасақтап,төрағасы мен хатшысын сайлады.
Аудандық мәслихат хатшысы қоғамдық келісім төрағасы қызметіне көп жылдар аудан әкімдігінде қызмет еткен, кейін қоғамдық жұмыста да белсенді болған Л. Шмаринаны ұсынды бұл мәселені бір ауыздан қолдаған депутаттар аталған кандидатты қолдаса, хатшылыққа ұсынылған Макаров мектебінің директоры Т. Сәрсенғалиеваны да бір ауыздан қолдап, дауыс берді.
Өз тілшіміз
Зеленов ауданы