16.03.2016, 19:28
Оқылды: 32

Зеленов ауданының әкімі бір топ аудан тұрғындарын қабылдады

????????????????????????????????????

   Халықтың қамын ойлап, жағдайын жайластыруды ту еткен Зеленов  ауданының әкімі Кәрім Жақыпов бүгін бір топ аудан тұрғындарын қабылдаған болатын.


Аудан басшысымен жүздескен жамағаттың көбін тұрғын үй мәселесі алаңдатады екен. Мәселен, Переметный ауылының тұрғыны Х.Көсегенова жеке баспанасының жоқтығын тілге тиек етті. «Өз үйім-өлең төсегім»демекші, әрине, әркімнің өз лашығы болғанға не жетсін?! Ал, бірінші топ мүгедегі В.Семеняк қаржылай көмек сұраса, зейнеткер Л.Филиппова 13- пәтерге су құбыры өткізілмегені хақында сауал тастады.

Жер алу, мал мен балық шаруашылығын дамытуға несие алу сынды сұраққа жауап іздей келген Дариян аулының тұрғыны  Б.Сарбалақовтың мәселесі елеусіз қалмайтындығы айтылды.

Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғындарының талаптарын байыппен тыңдаған аудан әкімі көтерілген мәселерді жан-жақты зерделеп, тиісті  сала басшыларына нақты тапсырма берді.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале