28.03.2016, 18:29
Оқылды: 22

Зеленов ауданының әкімі марапатталды

 Zelenov akimdi kyttiktadi  Зеленов аудан орталығына БҚО ТЖД өрт сөндіру, апаттық құтқару қызметінің басшысы Рашид Біләлов, БҚО ТЖД ардагерлер ұйымының төрағасы  Ермекқали Машанов келіп кеткен болатын.


Тәу етер Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай келген олар қуанышты хабарларын жеткізді. Айтар болсақ, төтенше жағдайлардың алдын алу барысында орасан зор еңбегімен еленген аудан әкімі Кәрім Жақыповты құттықтап, «Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісін кеудесіне тағып, еңбегіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде аудан басшысы да  атаулы департамент ұжымына ризашылығын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале