21.12.2015, 20:04
Оқылды: 23

Зеленов ауданы активінің Елбасы Жолдауын талқылаған жиналысы оздырылды

Zelenov jymila kotergen jyk jenil   Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын талқылау бойынша  Зеленов  ауданы активі жиналысы оздырылды.

Аудан  әкімі  Кәрім Жақыповтың төрағалығымен өткен басқосуға аудандық мәслихат  депутаттары, аудандық  бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігі қызметкерлері, ардагерлер және саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, ірі мекеме, кәсіпорын басшылары, көшбасшы жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері куә болды.


Сонымен күн тәртібіне шығарылған мәселе: «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолауында Елбасымен қойылған міндеттерді іске асыру туралы.

Алдымен  сөз алған аудан басшысы Кәрім Жақыпов: - Елбасының жыл сайынғы Жолдаулары елдің өміріне берік сіңісті. Әр жылдың соңында Қазақстан халқы Жолдауды асыға күтіп отыратын болды. Мемлекет басшысының  биылғы Жолдауының жөні бөлек. Өйткені, жаһандағы жағдай өзгерді, дүние жүзін дағдарыс дерті шарпыды. Қуат көздеріне, металға, өзге де шикізат түрлеріне баға төмендеді. Бюджетке кіріс азайды. Әлемдік экономикаға кіріккен ел ретінде біз де бұл өзгерістердің салқынын сезініп отырмыз. Елбасы биылғы Жолдауында әлемдегі қазіргі дағдарысты жіктеп-жіліктеп, нақты талдап берді. Дағдарысқа қарсы үш маңызды стратагема анықталды. Сонымен бірге дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңаруларды жүзеге асыру мақсатында Елбасымыз Жолдауында бес негізгі бағытты айқындап көрсетті.

Қазіргі уақытта Елбасының Жолдауынан туындайтын барлық міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары жасақталды. Ендеше, осы жоспарға сәйкес біздер аудандық іс-шаралар жоспарын дайындап, Елбасы Жолдауындағы мақсаттарға жету үшін барлық тиісті жұмыстарды уақытылы және сапалы түрде атқаруымыз қажет. Осы орайда аудан әкімінің орынбасарларына, барлық бөлім басшыларына, ауыл әкімдеріне әрбір сала бойынша нақты шараларды жүзеге асыруды тапсырамын, - деді аудан әкімі өз сөзінде.

Жиын барысында аудандық  жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  басшысы Т.Төлепқалиев, аудандық экономика және  қаржы бөлімінің  басшысы С.Айтқалиева,  Трекин қазақ мектебінің  директоры Н. Талипова, Щапов мектебінің мұғалімі Э.Солдатова,  «Червоно руто» украин этно  - мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А. Колпакова, Янайкин ауылдық  клубының  меңгерушісі    М. Шамашевтар  сөз алды. Олар еліміздің өркендеуіне бағытталған басты құжаттың міндетін іске асыру үшін үлестерін қосатындығы туралы айтып өтті.

Одан  әрі  аудан  активі жиналысының  қарарын оқу үшін  мінбеге аудандық  жастармен  жұмыс  жөніндегі  ресурстық  орталық басшысы Нұржан Ешмұратов көтерілді.

- Алдағы уақытта жаңа міндеттер қоюда. Біраз жұмыстар атқарылды, бірақ атқарылатын жұмыстар одан да көп. Міне, сондықтан да көздеген мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін біз «жұмылған жұдырықтай» бірлесе әрекет етуге міндеттіміз,- деген аудан  әкімі  жиынды қорытты.

 www.zhaikpress.kz

Самал  ЖАМЕТ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале