8.01.2016, 18:49
Оқылды: 18

Зеленов ауданы ардагерлерін құттықтады

 Zelenov sogis ardagerkeri  Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің әкімі Аян Халауедин мен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ғабділжәлел Ниязалиев аудан  орталығында тұратын соғыс ардагерлерін жаңа жыл мерекесімен құттықады. 


Әр ардагердің үйіне барып жағдайларымен танысқан меймандар оларға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен аудан әкімі Кәрім Жақыповтың алғыс хатын ұсынып, жаңа жылдық сыйлықтарды табыстады. Әр мейрам сайын көңілден таса қылмай жағдайларын біле келетін басшыларға ризашылықтарын білдірген қариялар мен кейуаналар: «Біздерді ұмытпай елеп тұрғандарыңыз үшін ризамыз. Еліміз тыныш болсын. Кейінгі ұрпақ соғыс отын көрмесін. Елбасымыз аман болсын»,-деген тілектерін жеткізіп жатты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале