29.03.2016, 18:44
Оқылды: 19

Зеленов ауданы су тасқынына дайын

Zelenov su taskinina dayin     Зеленов ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігі түрлі оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, апатты жағдай кезінде алғаш көмекке келер құрылымдардың дайындығын тексеріп тұрады. Биыл да бұл іс жалғасын тапты. Бұдан бөлек айтып келмес апаттың алдын алу мақсатында аудан аумағындағы 4 су қоймасы тексеріліп, олардың барлығы жақын маңдағы елді-мекендер мен ауылдарға қауіп төндірмейтіндігі анықталыпты. Сондай-ақ Хамино ауылын су басудан сақтау үшін Быковка өзенінің жағасында тазарту жұмыстары жүргізілген.


     Аудан әкімі 2016 жылғы су тасқынын алдын алу жұмыстарының жоспарын бекітіп, жауапты адамдар ескертіліпті. Су тасқыны болған жағдайда қауіпті аймақта қалатын Асан мектебі мен аудандық «Нұр Отан»  партиясы ғимараттарында да қажетті жұмыстар жүргізіліп, керекті жабдықтармен қамтылған. Әр ауылдық округтерде арпнайы техника бар. Бұдан бөлек су тасқыныны болған кезде тілсіз жаумен кұреске жергілікті жердегі шаруашылық басшылары да тартылады деп күтілуде. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы барлық жолдар қардан тазартылған. Әр округте арнайы жасақтар құрылып, барлығының дайындықтары да үнемі тексеріліп тұрады. Қазір аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 23 су сорғыш құрал, 13 мың қапшық, 300 тонна қиыршық құм мек 12 тонна жанармай қоры бар. Бұлардың барлығы ауылдарға бөлініп берілген. Бір сөзбен айтқанда аудан су тасқынына дайын. Апат орын алған жағдайда әр округ тұрғыны ауыл әкімдігіне хабарласуына болады.

 www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале