8.01.2016, 18:46
Оқылды: 28

Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Рождество мерекесімен құттықтады

Zelenov rojdestvo merekesimen    Зеленов ауданы әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов провослав дінін ұстанатын тұрғындарды Рождество мерекесімен құттықтады. Бұдан бөлек мерекеге арналған жиынға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысы Талшынай Жүнісова, аудандық «Ауыл тынысы» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Самал Жәмет және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов қатысты. Жиында ашқан шіркеу қызметкері Георгий Лемачко жиналған жұртты Рождество мерекесімен құттықтап, әлемдегі барлық діндердің мақсаты халықты бірілкке шақыру, жаңашылдыққа бағыттау екендігін айтты.


Кейін Асылұлан Тұрсынұлы сөз алып, көпұлтты еліміздегі мәдениеттер мен діндер арасындағы өзара үйлесімділігі әлемнің басқа елдеріне үлгі боларлық жағдай екендігін айтып, жиналған жұртты мерекелеріиен құттықтап, еліміздегі тыныштық, мәңгі болсын деген тілегін жеткізді. Сондай-ақ жиналған халықты мерекелерімен Талшынай Орынбекқызы да құттықтады.

Рождество мерекесіне арналған жиын 7 қаңтар күні Үлкен Шаған ауылындағы «Успенье Божьей Матери» шіркеуінде де өтті. Ол жерде жиналған халықты Орал Епархиясының настоятель протоиері Владимир Корчажников пен ішкі саясат бөлімі басшысы Талшынай Жүнісова құттықтай барды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале