17.06.2016, 18:28
Оқылды: 22

Зеленов аудан әкімі үздік түлектерді қабылдады

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы орталығында аудан мектептерінің үздік түлектеріне арналған «Сәт сапар, жас түлек» атты салтанатты шара өтті.

   Жиынды ашқан аудан әкімі Кәрім Каримоллаұлы: -Елімізде мектеп оқушылары сапалы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім саласына қашан да ерекше назар аударып келеді. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Алдағы уақытта да ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың сенімдерін ақтап, білім биік шыңынан көріне берңіздер деп тілегін білдірді.


   Одан әрі сынақтан сүрінбей өтіп ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында жоғары балл жинаған Алина Сүлейменоваға «Алтын белгісін» тағып бағалы сыйлық тарту етті. Бұдан бөлек он екі «Үздік аттестат» иегерлерін де құттықтаған аудан басшысы оларға да сый-сияпат ұсынды.

    Аудан әкімінің зор қошеметіне бөленген түлектер атынан сөз алған «Алтын белгі» иегері Алина Сүлейменова:

  -Біз тәуелсіз еліміздің ертеңіміз. Осындай құрмет көрсетіп жатырған аудан басшылығына, білім бөліміне, ұстаздар ұжымына достарыммен өзімнің атымнан алғысымды білдіремін,-деді.

   Әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласқан шарада аудандық мәслихат хатщысы Рамазан Исмағұлов пен ата-аналар атынан Анастасия Чарикова сөз алып, мектеп бітірушілерге ақ тілектерін арнады.

www.zhaikpress.kz
Зеленов ауданы

Түгелбай Бисен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале