5.10.2015, 15:13
Оқылды: 20

Зеленов чемпион

Zelenov 4empion   Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының  бастамасымен Ауылдық жер тұрғындары арасында волейболдан Тасқала ауданы орталығында облыстың І чемпионаты ұйымдастырылды. Ауыл спортын дамыту, спортшылардың шеберлігін аттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ауылдық жердегі тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға насихаттауды мақсат еткен жарысқа  облысымыздың 8 ауданының командалары қатысты.

Екі күнге созылған тартысты әуе допшылар жарысының қорытындысында үздік ойын көрсеткен Зеленов ауданы командасы І орынға ие болды. Ал ІІ орынды алаң иелері тасқалалық волейболшылар иеленсе, ІІІ орын Жәнібек ауданының әуе допшыларына бұйырды. Жүлдегерлер мен жеңімпазға Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы атынан кубокпен, пен медаль және «Ауылдық жердегі тұрғындар арасында волейболдан Батыс Қазақстан облысының чемпионы» деген атақ берілді.

www.zhaikpress.kz 

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале