15.11.2015, 11:42
Оқылды: 15

Зеленов өнерпаздары алда

Zelenov futbol  Сырым ауданы орталығында шағын футболдан мәдениет қызметкерлері арасында облыстық турнир өтті. Ұлы мереке Қазақ хандығының 550 жылдығы мен  келе жатырған тұңғыш Президент күніне орайластыра ұйымдастырылған сайысқа өңіріміздің Теректі, Бөрлі, Қаратөбе, Сырым, Зеленов аудандары мен Орал қаласынан келген футболшы өнерпаздар қатысты. Жарыс барысында жеребе бойынша екі топқа бөлінген футболшылар өзара жартылай финал жолдамаларын сарапқа салды. Топтық сындардан сүрінбей өткен Теректі командасы Зеленовпен күш сынасса, алаң иелері сырымдық ұжым Оралдан келген футболшыларға қарсы тұрды. Қорытындысында финалға Зеленов және Орал командалары шықты. Ал үшінші орын үшін таласқан теректіліктер мен сырымдық команда тартысында алаң иелері жеңіске жетті. Ал финалдық ойында Зеленов футболшылары Орал командасын қапы қалдырды. Ал жарыс барысында үздік ойынымен көзге түскен зеленовтық Арман Мұқатаев «Үздік қақпашы» аталымын еншіледі.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале