15.07.2015, 17:49
Оқылды: 36

Зиялы қауым мен жастар өкілдерінің қатысуымен «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті

Kazak handiginin 550 Maken B03   Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында облыс басшылығы, зиялы қауым мен жастар өкілдерінің қатысуымен «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен өткен жиында қоғам қайраткерлері, тарихшылар ұлттық тарихымыз жайлы баяндама жасады. 

Қазақ мемлекетінің қалыптасу тарихына облыстық тарих  және археология орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сдықов, Әз Жәнібек хан тарихындағы таңдақтар  тақырыбында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиев тарқатып әңгімеледі. Қазақ ұлттық мемлекетінің негізін қалаушылары Керей мен Жәнібек жайлы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, тарих  ғылымдарының кандидаты Есқайрат Қайдаров, Қазақ хандығының тарихындағы Бөкей Ордасының орны туралы Бөкейордасы тарихи-мұражай кешенінің директоры Ғайса Махимов баяндама жасады. Ал Қазақ хандығының 550 жылдық мерей тойын дайындау және өткізу жөнінде облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары  Вячеслав Иночкин айтып өтті.

-Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тек қана мерекелік шаралармен,  ғылыми конференциялармен шектелмеуі тиіс. Патриоттық сезімді қалыптастырып, еліміздің азаматтарының Қазақ жеріне, мемлекетіне мақтаныш сезімін орната біліміз білуіміз қажет,-деді облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.

Соңында дөңгелек үстел отырысының қабылданған қарары оқылды. Махаббат Каримова, Лияна Тұрсынова мен Михаил Беляевтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталып, Қазталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің тілшісі Гүлфия Көшбаеваға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хаты табысталды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале