26.05.2015, 0:18
Оқылды: 19

Зиянкестермен күрес тоқтамауы керек

Zelenov ziankestermen kyres  ҚР АШМ АӨК МИК Зеленов аудандық аумақтық инспекциясында Крантиндік зиянкес- қауын шыбынымен күрес және өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде дөңгелек үстел өтті. Шараға БҚО аумақтық инспекция-өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Ж. Ешмұханов, Республикалық фитосанитарлық диагостика және болжамдар әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің Зеленов аудандық филиалы директоры Б. Ғалиева, Батыс қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатысының Зеленов аудандық филиалының директоры Ә,Қартқожақова, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б.Тоқжанов, ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Зеленов аудандық аумақтық инспекция басшысы А. Ярлығасимов және аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. дөңгелек үстелдің алғы сөзін алған инспекция маманы С.Раянова «Карантиндік зиянкес – қауын шыбынымен күрес» және өсімдік карантині бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде баяндамасында қауын шыбынымен қалай күресу керектігін және олар қай кезеңде пайда болатындығын айтса, Республикалық фитосанитарлық диагостика және болжамдар әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесінің Зеленов аудандық филиалы маманы Е. Дьячкова «Фенология и развитие дынной мухи» атты баяндамасын оқып, зиянкестің ауданымыздың қай аймағында тарап жатқандығына тоқталды. Ал шараны қорытындылаған Ж. Ешмұханов әзірге зиянкес жәндік облысымыздың басқа аумақтарына тарап кетпеуін қадағалап, тез арада шара қолдану керектігін айтса, басқа қатысушылар зиянкестермен күрестің тоқтамауын қадағалап, оның таралуына жол бермес үшін барлық қожалықтар бірігіп еңбектену керектігін айтты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисенов

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале