31.05.2016, 11:15
Оқылды: 40

Зұлмат жылдар құрбандарын еске алды

Oral repressia (1)Бүгін облыс əкімі Алтай Көлгінов пен облыстық мəслихат хатшысы Мəлік Құлшар бастаған топ Орал қалалық бейітінде 1937-1939 жылдары жаппай жазалау кезінде құрбан болғандардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Oral repressiaҚұрбандардың зираты басында облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов марқұмдар рухына арнап Құран оқыса, кейін Орал жəне Ақтөбе архиепископы Антоний əкей еске алу рəсімін орындады.

1997 жылы Елбасымыз 31 мамырды саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні деп жариялағаны мəлім.

1927-1953 жылдары Қазақстанда 103 мың тұрғынға қысым жасалса, 25 мың адам атылған.

Орал қаласы маңында орталық зират орналасқан Ақбор таушығында біздің облыста репрессия кезінде тағдыры оққа байланғандардың біразының сүйегі көмілген.

www.zhaikpress.kz

Нұртай Текебаев

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале