31.05.2015, 20:49
Оқылды: 21

Индиана (АҚШ) университетінің профессоры Уильям Файерман өз атамекенінде ана тілінде сөйлемейтін қазақтарды жиі кездестіргенде, қынжылатындығын жеткізді

Fayerman AKSH  Қазақстанға зорлықпен аударылған халықтардың тағдырын, тілін көптен зерттеп жүргендіктен, мұның жай-жапсарын жақсы білемін. 

Бұдан түйгенім, сол бір зұлмат кезең зардаптарын ешқашан ұмытуға болмайды. Бұл туралы Орал қаласында «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» жобасы аясында өткен «Шерлі шежіре аманаты» атты халықаралық форумға қатысып, сөз сөйлеген, одан кейін бүгін қалалық бейітке арнайы барып, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойған Индиана (АҚШ) университетінің профессоры Уильям Файерман мәлім етті.

Қазақ жерінде тұрып жатқан кәріс, неміс, поляк, грек тілдеріндегі өзгерістерге талдау жасай білетін ғалым кейбір ұлттардың орыстанып, ана тілдерін ұмытқандығын да жеткізді. Бір қызығы, өзі қазақ және орыс тілдерінде жақсы сөйлейді екен. Сондықтан басқалар өз алдына, өз атамекенінде ана тілінде сөйлемейтін қазақтарды жиі кездестіргенде, қынжылатындығын жасырған жоқ.

«Қазіргі таңда Қазақстанда әр ұлттың тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға барынша жағдай жасалып отыр. Бұған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болуда. Ең бастысы, ел бірлігі басты назарда, ешкімді тіліне қарай кемсіту жоқ», -деді У.Файерман.

www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале