2.07.2015, 19:41
Оқылды: 27

Индустриаландыру күні: жол жаңғырту басталды

Taskala industralizacia01   Бүгін күллі елімізде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні өтті. Бұл шара «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналды.  Индустриаландыру аясындағы телекөпірге батысқазақстандық жолшылар да қатысты.

Индустриаландыру аясындағы телекөпір барысында Мемлекет басшысы Индустрияландыру картасындағы жаңа жобалардың  іске қосылуына және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық нысандардың құрылыстарының басталуына  ақ жол тіледі.

Елбасыға «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымдық нысандардың құрылыс барысы таныстырылды. Соның ішінде Мемлекет басшысына Орал -  РФ шекарасы аутожол учаскесі құрылысының басталуына орай «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-ның басқарма төрағасы Ермек Қизатов    «Орталық-Батыс» көлік дәлізінің құрылысымен таныстырды.

«Жоба Астананы Қазақстанның батыс облыстарымен сапалы автокөлік  жолы арқылы байланыстырады. Сондай-ақ, шағын аймақтың тұтас дамуына ықпал етіп, Ресей нарығына отандық тауарларды экспорттау мүмкіндігін арттырады. Бұл жоба Ресейдің  оңтүстіктегі Астрахань,  Волгоград және Саратов қалаларына шығуға мүмкіндік береді. Бүгін «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы  «Орал  - Тасқала - Саратов» учаскесін жаңғыртуға  дайын. Құрметті Президент, жұмысты бастауға рұқсат сұраймыз!» -деді Ермек Қизатов.

Мемлекет басшысы жол жаңғырту жұмыстарын бастауға рұқсатын берді.

Телекөпірге қатысқан мердігер "Юнисерв" компаниясының  бас директорының орынбасары Дінмұхамбет Сәтбаевтың айтуынша, «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» бағытындағы 100 шақырымдық аутожолды жаңғырту екі кезеңмен жүргізіледі. Жобаның құны 23 млрд. теңге және бұған қаржы Ұлттық қордан бөлінген.  Жолдың бірінші бөлігі 4-тен 27 шақырымға, екіншісі 27-ден 104 шақырымға дейін созылады. Жобаға шекарадағы шекарашылар бекетіндегі  ішкі жолдар да кіреді.«Күре жолдың ені 7 метрден 9 метрге дейін кеңейтіледі.  Жолдың жүк тасымалдылық жүктемесі 6-дан 13 тоннаға дейін күшейтіледі. Жобаны іске асыруға 300-ге тарта адам жұмысқа тартылады.  200-ге жуық жаңа техника мен көлік  жұмыс істейді. Жобаны биыл бастап 2017 жылы аяқтау жоспарланаған»,- деді Д.Сәтбаев.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале