7.10.2015, 13:10
Оқылды: 36

Инноваторларға - гранттар, байқау жеңімпаздарына- ақшалай жүлде әрі Ұлыбританияға сапар

Algoritm Uralsk   Технологиялық даму жөніндегі агенттік» АҚ-ның өкілдері «Алгоритм» технопаркінде батысқазақстандық инноваторларға инновациялық гранттарды беру жайында семинар өткізді.

Инноваторларға, өнертапқыштарға гранттар қайтарымсыз, тегін беріледі. Бұрын 8 басым бағытқа грант берілді, бүгінде басым бағыттар ұлғайтылып, 16-ға жетті. -Енді нано және ғарыш саласында, жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі, фармацевтикалық, медицина, биоинженерия, гендік инженерия, агрохимия мен робот техникасының прогрессивтік технологиялары салаларындағы жобаларғада қолдау көрсетіледі. Бұдан басқа, жеңіл және тамақ өнеркәсібіндегі, құрылыс өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялармен байланысты жобалармен грант алуға қатысуға болады. Осының барлығы салалық тұрғыдан инноваторларды кеңінен тартуға мүмкіндік береді», – деді «Технологиялық даму жөніндегі агенттік» АҚ-ның сарапшысы Ұлдай Жаркенова.

«ТДҰА» АҚ-ның мамандарының айтуынша, қазір инновациялық гранттардың тоғыз түрі бар. Қазақстандық кәсіпкерлер дамудың бастапқы сатысындағы жоғары технологиялық өнімді өндіруді қолдауға  50 млн. теңгеге дейін, технологияларды коммерцияландыруға 30 млн. теңгеге дейін, өнерәсіптік зерттеулерге 30 млн. теңгеге дейін, шет елдерде және аймақтық патенттік ұйымдарда патенттеу  6 млн. 250 мың теңгеге дейін мөлшерде грант алатын болады. Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар басқарушы және өндірістік технологияларды ендіруге 15 млн. теңгеге дейін, шет елде инженерлі-техникалық персоналдың біліктілігін жоғарылатуға 2 млн. теңгеге дейін, жоғары білікті шетел мамандарын тартуға 9 млн. теңгеге дейін, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға 35 млн. теңгеге дейін, технологияларды сатып алуға 150 млн. теңгеге дейін шамада  грант алуына жол ашық.

www.zhaikpress.kz

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале